«Жас түлектер-2025»

2025 жылдың 18 маусымында «Жас түлектер – 2025» атты жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Биыл 11-сыныпты 27 түлек бітіріп, ересек өмірге жолдама алды. Солардың ішінде ерекше көзге түскен Кирдянкина Василина мен Оздоева Милана «Алтын белгі» иегері атанса, Иксатова Елена үздік аттестатпен марапатталды.

Толығырақ: «Жас түлектер-2025»

Аттестаты

2025 жылғы 18 маусымда жалпы білім беретін №4 мектептің бітірушілеріне «Алтын белгі» төсбелгілері мен үздік аттестаттарды табыстау салтанатты рәсімі өтті.
«Алтын белгі» төсбелгісіне оқу озаттары Кирдянкина Василина мен Оздоева Милана ие болды.

Толығырақ: Аттестаты

Прокурорлар майдан шебінде

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүз­деген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шай­қаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда про­куратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тыл­дағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.

Толығырақ: Прокурорлар майдан шебінде

Жад сағаты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында,аудандық Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп, 11 сынып оқушылары "Олар жеңісті жақындатты"атты еске алу сағатын өткізді.

Толығырақ: Жад сағаты

Ғылыми-практикалық конференция

2025 жылғы 2 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Абай атындағы мектеп-лицей базасында , Жітіқара ауданының әкімі Аслан Амантайұлы Жаныспаевтың қатысуымен, "Ұлы Жеңіс туралы естелікті сақтаймыз!" атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Толығырақ: Ғылыми-практикалық конференция