Жад сағаты
- Толығырақ
- Категория: Жаналықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 07 Мамыр 2025 11:31
- Автор: Super User
- Қаралды: 189
Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында,аудандық Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп, 11 сынып оқушылары "Олар жеңісті жақындатты"атты еске алу сағатын өткізді.
11-сынып оқушысы Кирдянкина Василина Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі туралы ақпарат ұсынды.
Тыл еңбеккері Аверьянов Павел Николаевич соғыс уақытына түскен балалық шақ, соғыс уақытындағы адамдардың еңбек күндері туралы естеліктерімен бөлісті. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Валентина Чабан соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да жақсы жұмыс істеген ата-аналар туралы айтып берді.
Кездесу соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы О. В. Бурушпаева Павел Николаевич Аверьяновқа " Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерейтойлық медалін табыс етті.









