«Жас түлектер-2025»

2025 жылдың 18 маусымында «Жас түлектер – 2025» атты жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Биыл 11-сыныпты 27 түлек бітіріп, ересек өмірге жолдама алды. Солардың ішінде ерекше көзге түскен Кирдянкина Василина мен Оздоева Милана «Алтын белгі» иегері атанса, Иксатова Елена үздік аттестатпен марапатталды.

«Болашаққа жол!» атты мерекелік бағдарлама аясында түлектер үлкен өмірге символикалық түрде сапарға аттанды. Мектеп кемесінің капитаны – мектеп директоры Галиаскаров Е.А. жылы лебіздерін білдірді. Музыкалық құттықтауларды мектеп кемесінің штурмандары – мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-аналар дайындап, орындады.

Ең әсерлі әрі жүрекке жылы сәт – түлектердің сынып жетекшілері Аверкова Н.Н. мен Сагимбаева Г.Д.-мен қоштасуы болды. Бұл ұстаздардың жетекшілігімен оқушылар өмірлерінің маңызды кезеңінен өтті.

Түлектер қызығушылықпен түрлі байқауларға қатысып, болашаққа арналған жорамалдар мен нумерологиялық болжамдар тыңдады, достары, мұғалімдері және ата-аналарымен қуанышты сәттерін бөлісті.

Балалықпен қоштасудың символына айналған қағаздан жасалған мектеп кемелеріне әрбір түлек өз арманын жазып, оны үлкен сапарға аттандырды – бұл жаңа өмір жолының бастамасын білдіретін ерекше белгі болды.

Сәт сапар, түлектер! Армандарыңыз орындалсын, болашағыңыз жарқын болсын!