«Соңғы қоңырау – 2026» атты салтанат
- Толығырақ
- Категория: Жаналықтар
- Жарияланды Сейсенбі, 26 Мамыр 2026 04:44
- Автор: Super User
- Қаралды: 67
2026 жылғы 25 мамыр күні №4 жалпы білім беретін мектебінде «Соңғы қоңырау – 2026» атты салтанатты шара өтті. Биыл №4 мектептен 25 түлек үлкен өмірге жолдама алды. 11-сыныптың сынып жетекшісі – Кушербаева Г.М.
Мерекенің құрметті қонағы Жітіқара қаласының әкімі Мирамбек Жонысбекович Ордашев болып, түлектерге ақ жол тілеп, алға қойған мақсаттарына сеніммен жетулеріне тілектестік білдірді.
Түлектерге ізгі тілегін мектеп директоры Завгородняя А.К. арнап, оқу мен қоғамдық өмірдегі жетістіктері үшін оқушыларды марапаттады. Сондай-ақ ата-аналар қауымдастығының өкілі Калиева Х.Ж. түлектерге ҰБТ мен қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыруға тілектестік білдірді.Мерекенің әсерлі сәттерінің бірі – бірінші сынып оқушылары мен оныншы сынып оқушыларының құттықтаулары болды. Түлектер мектептің символикалық кілтін кейінгі буынға табыстады. Ал «Қоныстанбаған арал немесе ересек өмірге саяхат» атты жауап сөзінде түлектер ұстаздары мен ата-аналарына қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.Соңғы қоңырау соғу құрметі егіз түлектер Тельгаринова Ания мен Тельгаринова Санияға, сондай-ақ бірінші сынып оқушылары Алина және Арина Грачёваларға берілді.
«Соңғы қоңырау – 2026» мерекесі барша қатысушылардың жүрегінде қимастық сезімін, алғыс пен болашаққа деген зор үмітті қалдырды.

