«Дарынды мұғалім – дарынды балаларға»
- Толығырақ
- Категория: Жаналықтар
- Жарияланды Сәрсенбі, 08 Қазан 2025 09:52
- Автор: Super User
- Қаралды: 77
8 қазан 2025 жылы жас педагогтардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту мақсатында «Дарынды мұғалім – дарынды балаларға» Республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Іс-шараға 14 талантты жас маман қатысып,
өздерінің педагогикалық идеяларын ортаға салып, оқытудың инновациялық тәсілдерін таныстырып, кәсіби өсу жолындағы табыстарымен әріптестерін шабыттандырды.
Олимпиада нәтижесі бойынша мектебіміздің математика пәні мұғалімі Султанходжаева Мафтуна Толқынбаевна II орынды иеленді.
Оның баяндамасы креативтілігімен, кәсіби шеберлігімен және оқытуда тың шешімдер іздеуге деген ұмтылысымен ерекшеленді.
Мафтуна Толқынбаевнаны лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шабыт, жаңа жетістіктер және жарқын кәсіби жеңістер серігіңіз болсын!